Жаңалықтар
Велоспортшыларымыздың кезекті жеңісі!
Велотрек бөлімшесінің жастар құрамы «Гран-при Тулы» халықаралық жарысында жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Данияр Шаяхметов спринт түрі бойынша ІІ-ші, кейрин түрі бойынша ІІІ орын алды. Скрэтч топтық сайысында Максим Шорошавин қола медаль иеленді.
Юниорлар арасында Ерік Арлан топтық ұпайлар бойынша ІІ орын алды. Сонымен қатар, қыздар арасында мэдисон жарысында Динара Көпжасарова мен Гүлназ Хурметбекқызы алтын медаль иеленсе, Аружан Рахымжан мен Ольга Глушкова ІІІ орын алды.
Топтық сайыста Аружан Рахымжан күміс медаль иегері атанды. Еске сала кетейік, халықаралық веложарыс 26-28 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Тула қаласында өткен болатын.
Велошабандоздарымызды құттықтап, алдағы сайыстарға сәттілік тілейміз!