Жаңалықтар
«Сарыарқа» велотрегіне делегаттар келді
Нұр-Сұлтан қаласының бірегей сәулет ғимараттарының бірі «Сарыарқа» велотрегі жыл сайын спорт сүйер қауымға есік ашады.
Қыркүйек айында «Сарыарқа» спорт кешені Аустралия мен Жапониядан келген қонақтарды қабылдады. Олар – Халықаралық олимпиада комитетінің спорт жөніндегі директоры Кит МакКоннелл және Токиодағы олимпиадалық және параолимпиадалық ұйымдастыру комитетінің қызметкері Мэри Окумура.
Кездесу барысында қонақтар Орталықтың жаттығу барысымен танысып, қонақ үйдің, жаттығу залының, мұз айдынының, спортшылардың өмір сүру жағдайлары және күрделі жарыстар мен жаттығулардан кейінгі қалпына келу процесімен танысты.
Экскурсия соңында делагаттар Орталық директоры Бекболат Құстүтінұлы мен операциялық бақылау қызметінің жетекшісі Нұрлан Ыдырысұлымен велотрек туралы алған әсерлерімен бөлісті. Мэри Окумура «Велотректің техникалық жарықтандырылуы Сіздерге әртүрлі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді» деп атап өтті.