Юниор велосипедшілер «Гран-при Санкт-Петербург» жарысында жүлделі болды

05.06.2024

Велотрек бөлімшесінің юниорлары мен юниор қыздары велосипед спорты бойынша «Гран-при Санкт-Петербург» халықаралық жарысында командалық спринтте 2 медаль жеңіп алды. Диана Косолапова, Анна Петухова және Анна Проскурина ІІІ орынға ие болды. 

Ал юниорлар арасында Аркадий Шемет, Данияр Шаяхметов, Диас Базарбеков пен Данил Журавский күміс жүлдені қанжығаларына байлады. Айта кетсек, халықаралық сайыс 3-8 маусым аралығында өтіп жатыр. 

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: