ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЮНИОРЛАР КОМАНДАЛЫҚ ЭСТАФЕТАДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

23.04.2025

«Астана» ОДО маунтинбайк бөлімінің спортшылары Ли Юлия мен Лухманов Богдан Қазақстан Республикасының құрамасында «Cross-Country Team Relay» (кросс-кантри, командалық эстафета) дисциплинасы бойынша Азия чемпионатында 2-орынға ие болды.

Чемпионат 23–27 сәуір аралығында Қытай Халық Республикасының Цзуньи қаласында өтіп жатыр.

Ел намысын қорғайтын юниорлар құрамасы:

  • Ергешов Альдер
  • Чакилева Татьяна
  • Ли Юлия
  • Мамаева Татьяна
  • Лухманов Богдан

Спортшылар келесі дисциплиналарда бақ сынайды:

  • Cross-Country Olympic (XCO): Ергешов Альдер, Чакилева Татьяна, Ли Юлия, Мамаева Татьяна, Лухманов Богдан
  • Cross-Country Eliminator (XCE): Чакилева Татьяна

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және қалған спортшыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: