Жаңалықтар
ТАСЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫНА АЛДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
Тасжол велоспортының адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Атап өтсек, күш-жігер мен төзімділікті арттырып, бойға сенімділік сыйлайды. Күрделі тасжолдарда үлкен шақырымдарды жүріп өту арқылы спортшылар дене белсенділіктерін шыңдап, биік белестерді бағындыруға ұмтылады.
10-27 желтоқсан аралығында Қырғызстан Республикасының Кош-Кёль елді мекенінде халықаралық жарыстар алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталған жиындарда «Астана» ОДО-ның 11 спортшысы, аға жаттықтырушы, жаттықтырушы мен механик қатысуда.
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаттары:
· Жалпы және күш, жылдамдық төзімділігін арттыру.
· Тас жолдағы жалпы жүгіріс жиынтығы.
· Отырғызу және педальдау техникасы бойынша жұмыс.
· 1600-1900 м биіктікте жаттығу.
Жаттығу жұмыстарынан кейін спортшылар жаңа күш-жігер, жаңа мақсаттармен халықаралық жарыстарға қатысады деген ойдамыз.