ВЕЛОШАБАНДОЗЫМЫЗ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ!

14.02.2025

Азия чемпионатының сегізінші күнінде біздің орталықтың спортшылары 64,2 км қашықтықта өткен тартысты топтық жарысқа қатысты. Жарыста 13 елден жиналған 34 спортшы бақ таластырды.

Сайыс қорытындысы бойынша Ангелина Буренкова (Жамбыл облысы) алтын медаль жеңіп алды! Құттықтаймыз!

Сондай-ақ, біздің спортшылардың тамаша нәтижелерін атап өтейік:

8-орын – Елькина Мария (Алматы облысы)

20-орын – Әділбек Дамиля (Астана қ.)

21-орын – Венглинская Алина (Астана қ.)

Азия чемпионатында ел намысын қорғаған қыздарымызды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Бөлісу: