Жиі қойылатын сұрақтар
«Сарыарқа» фитнес орталығы күн сайын 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр екі апта сайын дүйсенбі күні – тазалық күні.
Фитнес орталығы I, II және III топтағы мүгедектігі
бар азаматтарға (өзімен бір жыныстағы +1 еріп жүруші адам) растайтын құжаттарды
тапсырған жағдайда қызметтерді тегін негізде көрсетеді.
I, II және III топтағы мүгедектігі бар азаматтар (өзімен бір жыныстағы +1 еріп жүруші адам) келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік);
- мүгедектік тобын растайтын анықтама;
- № 027/е нысанындағы медициналық анықтама;
- эпидемиологиялық орта туралы анықтама.
Иә. Көпбалалы отбасылардан шыққан 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар растайтын құжаттарды тапсырған жағдайда фитнес
орталығына тегін негізде бара алады.
Қажетті құжаттар:
- екі ата-ананың жеке куәліктерінің көшірмелері;
- барлық балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
- көпбалалы отбасы куәлігі (кітапша немесе анықтама).
18 жасқа дейінгі балалар үшін:
- № 027/е нысанындағы медициналық анықтама;
- эпидемиологиялық орта туралы анықтама.
50% жеңілдік:
- мектеп оқушыларына;
- күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне (бакалавриат, 23 жасқа дейін);
- зейнеткерлерге;
- көпбалалы отбасының бір ата-анасына (бір реттік абонементке).
1. Мектеп оқушылары:
- жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік);
- мектептен анықтама;
- № 027/е нысанындағы медициналық анықтама;
- эпидемиологиялық орта туралы анықтама.
2. Күндізгі оқу бөлімінің студенттері (бакалавриат, жасы 23-тен аспаған жағдайда):
- жеке басын куәландыратын құжат;
- студенттік билет.
3. Зейнеткерлер:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- зейнеткер куәлігі;
- № 027/е нысанындағы медициналық анықтама;
- эпидемиологиялық орта туралы анықтама.
4. Көпбалалы отбасының бір ата-анасы (бір реттік абонементке):
- жеке куәлік;
- көпбалалы отбасы куәлігі.
Кешенде келесі спорт секциялары жұмыс істейді:
- Велоспорт;
- Таеквондо;
- Жүзу;
- Мәнерлеп сырғанау;
- Каратэ;
- Хоккей;
- Беговел;
- Дзюдо;
- Семсерлесу;
- Волейбол;
- Көркем гимнастика;
- Футбол;
- Баскетбол.