Сарыарқа велотрегі туралы
«Сарыарқа» велотрегі велосшабандоз дулығасына ұқсайтын ерекше пішінімен назар аудартатын Қазақстанның бірегей сәулет нысандарының бірі. Оның күмбезінің астында велосипед трегінен басқа мұз аренасы, баскетбол, волейбол және футбол алаңдары, фитнес-орталығы, жаттығу залдары, қонақ үй кешені, конференц-зал, мейрамхана орналасқан.
Әлемдегі ең көрнекті спорт ғимараттарының бірі ретінде танылған «Сарыарқа» республикалық велотрегі 2011 жылы салынған. Бүгінде ол Астана қаласындағы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Спорт кешені екі, яғни велотрек және мұз аренасы, функционалды нысандардан тұрады. Велотректің жалпы ауданы 44 957 ш. м., мұз аренасы – 4188 ш. м. құрайды.
Велодром трегінің өзіндік ерекшелігі бар, оның кенептері деформациядан қорғау мақсатында 2 жыл бойы арнайы камераларда сақталып, ерекше химиялық құрамдармен өңделді.
Трек кенептерінің ұзындығы 250 метр, ені 7 метр, бұрылыстарда көлбеу 42 градус, ал түзу учаскелерде - 12,5 градус. Трек бойымен қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүреді. Трибуналардың сыйымдылығы 9195 орынды құрайды.
«Сарыарқа» республикалық велотрегі кешенінде орналасқан:
- трек;
- мұз айдыны;
- фитнес (жаттығу залы, 2 бассейн және 3 сауна);
- жекпе-жек залы;
- гимнастика және ойын залы;
- қонақ үй және мейрамхана кешені;
- конференц залы;
- мини-футбол алаңдары;
- кеңсе бөлмелері.
Велотректің техникалық жабдықталуы халықаралық стандарттарға сай және оның аренасында халықаралық және республикалық маңызы бар іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады.
Ғимараттың көп функционалдығы трек аренасын бокс рингіне, дзюдоға арналған татамиге, гимнастикалық кілемге, баскетболға, волейболға немесе концерт алаңына ауыстыру арқылы жедел өзгертуге мүмкіндік береді.
Спорт әуесқойлары үшін спорт кешенінде көптеген спорт түрлері бойынша спорт секциялары жұмыс істейді.