Жаңалықтар
ТАСЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ОРТАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
11.02.2025
Азия чемпионатының төртінші жарыс күнінде орталық спортшылары жастар мен жасөспірімдер арасында 21,4 км қашықтықтағы жекелей жарысқа қатысты.
Жасөспірімдер категориясында 18 елден 18 спортшы өзара мықтыны анықтады. Қазақстанның намысын Жетісу облысынан Чжан Кирилл қорғап, 5-орынды иеленіп, көшбасшыдан 31 секундқа артта қалды.
Жастар категориясында 11 елден 11 спортшы жарысты. Біздің елден шымкенттік Казакова Виолетта 8-орынды алып, қытайлық спортшыдан 1 минут 38 секундқа артта қалды.