Республикалық велотрегіндегі K-Culture Party

12.07.2017

18 шілдеде «Сарыарқа» велотрегінің аумағында танымал корей топтары өнер көрсетеді: Highlight, B1A4, AOA және қазақстандық жұлдыздар. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми ашылу салтанатынан бері тура үш апта өтті. Әр ел ЭКСПО көрмесіне қатысуын өзінің Ұлттық күнін өткізу арқылы атап өтеді. Көрме алаңындағы ең танымал павильондардың бірі және көптеген келушілерді тартатын Оңтүстік Корея павильонында үлкен K-POP концерті K-Culture Party өтеді.

Ұлттық күн қарсаңында екіжақты мәдени алмасуды нығайтуға көмектесетін корей мәдениетінің көрсетілімі жоспарланған. K-Culture Party концерті әдеттегі іс-шараның шеңберінен шығып, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі мәдени алмасу алаңына айналады, мұнда корей әртістерімен қатар қазақстандық әртістер де өнер көрсетеді. Концертте AOA, B1A4, Highlight сияқты Қазақстанға танымал корей топтары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Концерт 18 шілде күні сағат 19.30-да «Сарыарқа» велотрегінің аумағында басталады. Бұл шараға 8 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Концертке билеттер Корея павильонында мүлдем тегін беріледі. Күнделікті билеттің белгілі бір саны ғана таратылатындықтан және концертке барғысы келетіндер көп болғандықтан, билеттер тез таусылады.

Корея павильоны өз елінің халықаралық көрмеге қатысуын атап өтеді және Корея Республикасы апталығы ретінде таңдалған шілде айының 3-ші аптасында бірқатар түрлі-түсті іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. 18 шілдеде K-POP концерті болады, ал 19 шілдеде Кореяның ұлттық күнінде шеру өтеді. Дәл осы күні екі елдің энергетика саласының дамуына үлес қосатын Қазақстан-Корея энергетикалық форумы өтеді. Сондай-ақ 21 шілдеде корей мәдени қойылымы болады.

Корей павильонының директоры Бюн Йонг Сеоп бұл шара Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына да орай өткізіліп отырғанын атап өтті. Ол EXPO 2017 көрмесінде Корея павильоны әлемге болашақтың энергетикалық технологияларын көрсетіп қана қоймай, мәдени шаралар арқылы екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге жақсы мүмкіндік болатынына сенім білдірді. K-Culture кешін Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігі мен Кореяның Сауда және инвестицияны ынталандыру агенттігі (KOTRA) ЭКСПО-ны ілгерілету мақсатында жоспарлаған. Шараға Кореяның атақты туристік аралы – Чеджу және Корея Республикасының үкіметтік ұйымы Korea Hydro & Nuclear Power Corporation демеушілік жасады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Бөлісу: