Жаңалықтар
«САРЫАРҚА» МҰЗ АРЕНАСЫНДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
«САРЫАРҚА» МҰЗ АРЕНАСЫНДА МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
«Сарыарқа» мұз аренасында Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған мәнерлеп сырғанаудан турнир басталды.
Бірнеше күн бойы спортшылар әртүрлі санаттар бойынша қысқа және еркін бағдарламаларын ұсынып, үздік нәтиже үшін сынға түседі. Қатысушылар мұз үстінде күрделі элементтермен қатар артистік шеберлігін, әсемдігін және сенімділігін көрсетуде.
Турнир әртүрлі қалалар мен елдерден келген жас және тәжірибелі мәнерлеп сырғанаушылардың басын қосып, тәжірибе алмасуға, жаңа таныстықтарға және жарқын спорттық эмоцияларға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
Көрермендер үшін бұл жарыс - әсем қойылымдарды тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетіп, үлкен спорт атмосферасын сезінудің тамаша мүмкіндігі.