ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН XXII АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

28.05.2026

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН XXII АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 28–31 мамыр аралығында Ганконг қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасындағы XXII Азия чемпионаты (U20) өтуде. Аталған құрлықтық додаға Астана Олимпиадалық даярлау орталығы атынан 13 спортшы қатысып, ел намысын қорғауда.

Спортшылар тізімі:
1.Маргарита Косинова
2.Милена Мерц
3.Маргарита Стороженко
4.Анна Черкашина
5.Богдан Гончаров
6.Максим Сажнев
7.Глеб Гладилов
8.Шерхан Егізбай
9.Асқар Өмірзақ
10.Софья Киденко
11.Алина Головина
12.Милана Зубарева
13.Малика Жомарт

Спортшылардың жанында тәжірибелі жаттықтырушы мамандар — Т.А. Назарова, Т.А. Агеева, С.В. Плотников және С.А. Арзамасов бар. Мамандар жарыс барысында спортшыларға әдістемелік және моральдық қолдау көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетуге бағыт-бағдар беруде.

Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетуін және жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілейміз!

Бөлісу: