БИІК ШЫҢҒА ЖЕТЕЛЕР ЖОЛ: ВЕЛОШАБАНДОЗДАРДЫҢ ТҮРКИЯДАҒЫ ОЖЖ

04.02.2025

Қазіргі күні Түркия елінде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары (трек бөлімі) Азия чемпионатына дайындық үстінде. Оқу-жаттығу жиындары 28 қаңтар күні басталды, 7 ақпанға дейін жалғасын таппақ. Спорттық жиындарға аға жаттықтырушы Светлана Тарасова мен жаттықтырушы Никита Клеванов жетекшілік ететін 12 велоспортшы қатысып жатыр. Сонымен қатар, механик П. Назаренко мен массаж жасаушы Ж.Мамбетов іссапарға жіберілді.

Оқу-жаттығу жиындары барысында спортшылар жалпы төзімділікті, күшті және техникалық дайындықты арттыруға бағытталған қарқынды жаттығулардан өтеді. Бұл спортшыларға көрсеткіштерін жақсартып, чемпионаттағы жоғары жүктемелерге дайындалуға көмектеседі.

Мұндай жиындарда техникаға назар аударып, жарыстарда қолданылатын тактикалық элементтерді де пысықтауға болады. Бұл әсіресе дәлдік пен түрлі әдіс-тәсілдер шешуші рөл атқаратын трек жарыстары үшін маңызды. Велошабандоздарымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: