ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

СПОРТТЫҚ ОРТАДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ

22.06.2026

СПОРТТЫҚ ОРТАДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ

«Астана» Орталық олимпиадалық даярлау орталығының психолог маманы Шарипова А.А. велоспорт (трек-темп) бөлімінің жасөспірім спортшылары арасында «Спорттық ортадағы буллингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты – спортшылар арасында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, қолдау көрсету қағидаттарын нығайту, сондай-ақ жанжалдар мен буллингтің алдын алу.

Дәріс барысында буллингтің пайда болу себептері, оның спортшылардың психологиялық және физикалық жағдайына тигізетін кері әсері, агрессия мен кемсітушілік әрекеттері үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар команда ішіндегі жанжалды жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды.

Іс-шара барысынд

Бөлісу: