Тректегі велосипед спортынан «Silk Way Series Kazakhstan» халықаралық жарысы өтеді

17.05.2024

17-19 мамыр аралығында тректегі велосипед спортынан «Silk Way Series Kazakhstan» халықаралық жарысы өтеді. Негізгі мақсат – велосипед спортын және оның түрлерін, тректегі жарыстарда велосипед спортының бұқаралық сипатын одан әрі дамыту, әрі спортшылардың ынтасын арттырып, шеберлігін шыңдау.

«Халықаралық велосипедшілер одағының» талаптарына сәйкес CL2 класындағы тректе халықаралық жарыстарға Ұлттық құрама командаларының 2005 жылы туған және одан үлкен өкілдері қатыса алады.

Ереже бойынша қыз-жігіттер 6 бағдарлама түрі бойынша өзара бақ сынасады. Олар: мэдисон топтық жарысы; омниум; скретч; топтан шығу жарысы; спринт; кейрин.

Ертең сағат 09:00-де дайындық басталып, сағат 10:00-де ұпай бойынша топтық жарыс басталады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін барлық трек бойынша жарыстарға еліміздің велосипед спорты федерациясы бекіткен бас төрешілер алқасы баға береді.

Жүзден жүйрікті анықтау үшін фотомәре қойылып, электрондық есеп тіркеуші аппараты орнатылады. Жеңімпаздар «Қазақстанның велосипед спорты федерациясы» РҚБ-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, медальдарымен марапатталады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: