Жаңалықтар
Орталық спортшыларының Бергенде өткен әлем чемпионатындағы нәтижелері
Қыркүйектің 16-сы мен 24-і аралығында Норвегияның Берген қаласында Олимпиададан кейінгі маусымның негізгі старты – 2017 жылғы шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты өтті.
Әлемнің ең үздік спортшылары командалық, жеке және топтық есепте сынға түсті.
Назарларыңызға велоспорттан Олимпиадалық даярлау орталығы спортшыларының әлем чемпионатындағы қорытынды нәтижесін ұсынамыз:
21,1 шақырымдағы жасөспірімдер арасындағы жекелей жарыстың қорытындысы:
5 орын – Чжан Игорь
25 орын – Брусенский Глеб
32 орын – Евгений Федоров
Бұл шараға 45 елден 78 қатысушы қатысты.
16,1 шақырымдағы жасөспірімдер арасындағы жекелей жарыстың қорытындысы:
21 орын – Марина Курносова
37 орын – Соловьева Ангела
135,5 шақырымдағы жасөспірімдер арасындағы топтық жарыстың қорытындысы:
9 орын – Евгений Федоров
11 орын – Баембаев Олжас
34 орын – Брусенский Глеб
40 орын – Нұрлыхасым Нұрберген
45 орын – Чжан Игорь
61 орын – Марухин Даниил
Бұл шараға 63 елден 190 жасөспірім қатысты.
76,4 шақырымдағы жасөспірімдер арасындағы топтық жарыстың қорытындысы:
61 орын – Светлана Пащенко
71 орын – Мирксина Вероника
77 орын – Марина Курносова
Велоспорт орталығының баспасөз қызметі