ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

09.05.2026

Бүгін – баршамыз үшін маңызды күн. Бұл күн – бейбітшілік, еркіндік пен өмір үшін күрескен жандарды еске алып, бас иетін күн.

Біз майдангерлерге, тылда еңбек еткендерге және Жеңіс сыйлаған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Олар біз үшін, болашақ үшін ауыр күндерді – аштықты, қорқынышты, қиындықты бастан өткерді.

Батырларымыздың ерлігі — нағыз күштің, батырлықтың және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі. Бұл ерлік жүрегімізде мәңгі сақталады. Елімізде әрқашан бейбітшілік болсын, әр отбасыдан — шаттық, тыныштық пен жылылық кетпесін! Жеңіс күні құтты болсын!

Бөлісу: