Сергей Пономарев Әлем чемпионатына жолдама алды.

21.12.2019

17-20 желтоқсан аралығында Орталық велошабандозы, спринтер Сергей Пономарев кейрин бәсекесі бойынша Швейрацияда өткен Track Cycling Challenge (C1) Халықаралық сайысына қатысты. 

Аға жаттықтырушы Валентин Савицкий аталған турнир туралы өз пікірімен бөлісті: "Сайыстың финалы өте керемет өтті. Кейрин бәсекесінде өте мықты әрі жылдам төрт француз спортшысы бақ сынасты. Оның ішінде Әлем Кубогінің жеңімпазы, Әлем чемпионатының жүлдегері Себестьен Ожье де бар. Осы мықты құрамда Сергей өзін таныта біліп, жүлделі орынға ие болды. Турнир нәтижесі оның құрамадағы дәрежесін мығымдап, Әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік тудырды. Біз өзімізге қойылған тапсырмаларды жақсы орындап шықтық. Қазір Сергей қайта қалпына келу жұмыстарын жүргізіп, кейін чемпионатқа дайындалатын болады".

Бөлісу: