ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

ЧЕМПИОНАТТЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

18.08.2026
18 тамыз күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдер арасындағы Ұлттық чемпионатының және 15–16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

2026 жылғы 17–22 тамыз аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар велотректе бас қосып, чемпиондық атақ үшін бақ сынайды, өздерінің күшін, жылдамдығын, мінезін және жеңіске деген жігерін көрсетеді.

Алда — тартысты жарыстар, қызу бәсеке, жаңа жетістіктер мен жарқын эмоциялар!

Барлық қатысушыларға сенімді старт, жоғары нәтижелер және әдемі жеңістер тілейміз!
Ең мықтысы жеңсін!

«Сарыарқа» велотрегі, Астана
17–22 тамыз 2026 жыл

Бөлісу: