ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

ТРИАТЛОН БӨЛІМІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

15.07.2026

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының психологы Әлия Шарипова триатлон бөлімінің спортшыларымен «Қазақстан Республикасындағы жастарды патриоттық тәрбиелеудегі спортшылардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында спорттың жастар тәрбиесіндегі маңызы талқыланды. Атап айтқанда, спорттың патриоттық сезімді қалыптастыруға, елге деген мақтаныш сезімін арттыруға және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпалы туралы айтылды. Сонымен қатар спорттағы жетістіктердің адамның тұлғалық дамуына, алға қойған мақсаттарына ұмтылуына және жауапкершілік сезімін арттыруға әсері қарастырылды.

Іс-шара барысында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Спортпен айналысу арқылы жастардың тәртіптілік, табандылық, жауапкершілік және командалық рух сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастыратыны атап өтілді.

Дөңгелек үстел соңында спортшылар «Қазақстан Республикасындағы жастарды патриоттық тәрбиелеудегі спорттың рөлі» тақырыбында эссе жазып, спорттың дені сау, белсенді және ел дамуына үлес қоса алатын азаматтарды тәрбиелеудегі маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. 

Бөлісу: