АСТАНАҒА РЕСЕЙ ВЕЛОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ.

12.03.2026

АСТАНАҒА РЕСЕЙ ВЕЛОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ.

12 наурыз «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Ұлттық велоспорт федерациясы мен Астана қаласына арнайы келген Ресей велоспорт федерациясының делегациясы арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

Экскурсия барысында қонақтар «Сарыарқа» велотрегінің инфрақұрылымымен танысып, халықаралық деңгейдегі жарыстар мен жаттығу жиындарын өткізуге жасалған заманауи мүмкіндіктерді көрді. Ресейлік тарапқа спорт кешенінің әлеуеті мен техникалық жабдықталуы туралы мәлімет берілді. 

Кездесу барысында тараптар алдағы серіктестік бағыттарын, тәжірибе алмасу мәселелерін және велоспортты дамытуға арналған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Бөлісу: