ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

КАНАДАДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫНАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТУДЕ

15.07.2026

14–19 шілде аралығында Канаданың Валь-д'Ор және Руэн-Норанда қалаларында халықаралық көпкүндік тас жол веложарысы – Tour de l'Abitibi өтуде.

Аталған жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қатысуда.

Спортшылар тізімі:

  • Валиев Альмир;
  • Третьяков Данил;
  • Подлужный Павел;
  • Куйтенов Мурат;
  • Новиков Глеб.

Команданы жаттықтырушы Харисов Т.В. және механик Тупченко Д.А. бастап барды.

Tour de l'Abitibi – жай ғана веложарыс емес, көптеген болашақ чемпиондардың жолын ашқан беделді халықаралық дода. Бұл – Канаданың Квебек провинциясында өтетін, Еуропадан тыс ұйымдастырылатын UCI Ұлттар кубогы күнтізбесіне енген жасөспірімдер (17–18 жас) арасындағы жалғыз көпкүндік тас жол веложарысы. Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл жарысқа әлемнің ең мықты жас велошабандоздары қатысады. Көптеген спортшылар үшін Tour de l'Abitibi халықаралық деңгейдегі алғашқы үлкен сынақ әрі кәсіби спорттағы жарқын мансапқа бастар маңызды кезең саналады.

Бөлісу: