Елордада бодибилдингтен бірінші Орта Азия чемпионаты өтеді

22.05.2019

Нұр-Сұлтан - 23 мамыр күні сағат 11.00 де "Сарыарқа" велотрегінің мәжіліс залында (Мәңгілік ел, 8, 15 кір-с) бодибилдингтен бірінші Орта Азия чемпионатының баспасөз брифингі өтеді.

 Брифингке ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Серік Сәпиев, бодибилдингтен ҚР федерациясының президенті- Александр Колюка, AFBF президенті- Очир Ганбаатар және IFBB Elite Pro атлет- Екатерина Шаламова қатысады.

Орта Азия чемпионаты Ұлттық Олимпиада комитеті бекіткен IFBB (International Federation of Bodybuilding) Бодибилдинг федерациясының ұйымдастыруымен және ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен өтеді.

Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікістан және Ауғаныстан мемлекеттерінің атлеттері қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 150 ден астам спортшы қатысуға өтінім білідірген.

Чемпионат IFBB Халықаралық федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес AFBF Азия федерациясы (Asian Federation of Bodybuilding and Fitness) мен IFBB Qazaqstan федерациясы өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Сонымен қатар жарысқа қазылық етуге Халықарлық дәрежедегі төрешілер мен PRO-атлеттер шақырылған.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Халықаралық дәрежедегі атақтармен марапатталып, PRO краталар табысталады.

 

 «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі.

Бөлісу: