Велошабандоздарымыз «Гран-при Тулы» халықаралық жарысында жүлдегер атанды

28.05.2024

26-28 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Тула қаласында велотректен «Гран-при Тулы» атты халықаралық сайыс өтуде. Оған біздің 8 спортшымыз бен аға жаттықтырушы, механик қатысып жатыр:

1.     Азаматұлы Зейнола;

2.     Ерік Арлан;

3.     Евгений Ковальчук;

4.     Марлен Есеркеев;

5.     Динара Көпжасарова;

6.     Гүлназ Хурметбекқызы;

7.     Ольга Глушкова;

8.     Аружан Рахымжан;

9.     Светлана Тарасова - аға жаттықтырушы;

10.    Павел Назаренко – механик.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша «скрэтч» жарысында Азаматұлы Зейнола І-ші орын иеленді, қыздар арасында Рахымжан Аружан ІІІ-ші орын алды. Топтық жарыстарда Евгений Ковальчук ІІ-ші, Хурметбекқызы Гүлназ ІІІ-ші орынға табан тіреді. Велошабандоздарымыз бен жаттықтырушыларымызды құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруын тілейміз!

Бөлісу: