ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНДЕ ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

14.08.2026

2026 жылғы 17–22 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Чемпионат аясында ерлер мен әйелдер арасында темптік және спринтерлік пәндер бойынша, сондай-ақ 15–16 жастағы ұлдар мен қыздар арасында жарыстар ұйымдастырылады.

Спортшылар ел чемпиондары атану үшін бақ сынап, тректегі жылдамдық, төзімділік және шеберліктерін көрсетеді.

Жарыстың салтанатты ашылуы 18 тамыз күні сағат 12:30-да өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз! Спортшыларға қолдау көрсетіп, үлкен спорттық шараның бір бөлігі болуға шақырамыз. Көрермендер үшін кіру тегін!

Бөлісу: