Жаңалықтар
«АСТАНА» ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ
Мекеме қызметкерлері дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттар келесі номинациялар бойынша табысталды:
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық төсбелгісі:
▸ Сәрсекеева Майгүл Құнанбаевна
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» ведомстволық төсбелгісі:
▸ Омаров Талгат Макашевич
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен»:
▸ Аубакирова Динара Жумабаевна
▸ Нургалиев Айдар Шаймарданович
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасының атынан «Еңбек даңқы» төсбелгісімен:
▸ Николаева Елена Анатольевна
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы төрағасының «Құрмет грамотасымен»:
▸ Байкадамова Асель Сериковна
Сондай-ақ құрмет грамоталары мен алғыс хаттар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының, сондай-ақ «Астана» ОДО директоры А.В. Могилевскийдің атынан мекеме қызметкерлері адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталды.
Іс-шара салтанатты әрі жақсы көңіл күймен өтіп, елорданың спорттық инфрақұрылымын дамыту және қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолында әрбір қызметкердің сіңірген еңбегі мен қосқан үлесінің маңыздылығын айқындай түсті.