«БІЗДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» рубрикасы: Алексей Хусаинов

07.08.2024

Алексей Хусаинов – «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені жаттығу залының нұсқаушысы. Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 10 жылдан астам уақыт болған.

Тәжірибелі маман фитнес жаттығулары арқылы иммунитетті көтеріп, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтуға болады деп санайды. Айтуынша, фитнеспен айналысып дене бітімді түзеп, қалаған формаңызға жету әбден мүмкін.

Сондай-ақ, жаттығулар жасау арқылы адамның өзіне деген сенімділігі артып, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.

Алексей Хусаинов фитнесте діттеген мақсатқа жету үшін аптасына кемінде 3-4 рет жүйелі түрде физикалық белсенділікпен шұғылдануға кеңес беріп, сіздерді фитнес-орталыққа шақырады.

Бөлісу: