Маунтинбайк бөлімшесінің спортшылары оқу-жаттығу жиындарынан өтуде

07.08.2024

Маунтинбайк – қол, аяқ бұлшық еттерін жақсы жаттықтырып, жалпы денсаулыққа мол пайдасын тигізетін қызықты спорт түрі. Ол артық салмақпен күресіп, сымбатты дене бітімін сақтауға көмектеседі.

Ойлы-қырлы жерлерде велосипедті басқару төзімділік пен кез келген жағдайда тепе-теңдікті сақтауға үйретеді. Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті мен көздің көруін жақсартатын тұсы да бар. Ең бастысы таза ауада велосипед тебу арқылы көңіл-күйді көтеріп, артық ойлардан арылып және стрестен құтылуға болады.

1 тамыз бен 19 тамыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы маунтинбайк бөлімшесінің (юниорлар, юниор қыздары) халықаралық жарыстарға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтуде, 18 тамыз күні жарыс ұйымдастырылады. Спорттық іс-шараға 4 спортшы, аға жаттықтырушы, механик пен массаж жассаушы қатысып жатыр. Сәттілік тілейміз!

Бөлісу: