«Сарыарқа» фитнес орталығында балалар арасында жүзуден жарыстар өтеді

03.05.2024
Мамыр айының 5-ші жұлдызында Астана қаласы Қабанбай Батыр даңғылында орналасқан «Сарыарқа» фитнес-орталығында жүзуден жарыс өтеді. Басты мақсат – Қазақстан Республикасы аумағында жүзу спортын дамытып, балалар мен жасөспірімдердің суда жүзуге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын одан әрі насихаттау. Сайысқа «Сарыарқа» фитнес-орталығында, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде және Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында жаттығатын 2007-2017 жылдары туған ұл-қыздар қатыспақ. Ереже бойынша әр қатысушының 3 қашықтықты жүзіп өтуге құқығы бар. Өзінің жас дәрежесі бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталып, сый-құрметке бөленетін болады. І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші орын иеленген спортшыларға алтын, күміс және қола медаль мен дипломдар беріледі. Сондай-ақ, қатысушылардың барлығына грамота табысталады. Ашық турнирге қатысу туралы өтінім электронды түрде sultan.ismagylov: @gmail.com поштасына жіберілуі керек. Айта кеткен жөн, балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Жауапты тұлғалардың байланыс номерлері: +7 (705) 659 99 69 Исмагулов Сұлтанбек; + 7 (702) 555 91 52 Нұрғалиев Айдар; +7 (778) 580 62 08 Нұржақсы Еркебұлан.

Бөлісу: